
Озерки ауылдық округінде еріктілер дала асханасын ұйымдастырды, онда өрт сөндіруге қатысушыларды 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Озерки ауылының мектебінде еріктілер демалыс орындарын дайындады.
Озерки ауылдық округіндегі негізгі гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт - Комсомолская 29 мекен-жайында.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлік мүшелері 2 100 000 теңге қаражат жинады. Қазіргі уақытта 1 000 000 теңгеге бірінші қажеттіліктегі заттар мен азық-түлік сатып алынды.
Қаланың эвакуациялық пункттерінде еріктілер тұрақты негізде эвакуацияланған ауылдардың тұрғындарына түрлі көмек көрсетуде.
Барлығы 5 тонна азық-түлік, оның ішінде су, сұйық май, ыстық тамақ, жеміс-жидек, сүт өнімдері жеткізілді.