USD502.47EUR525.83RUB5.68

Орман өртін сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар ауыз сумен және тамақпен толықтай қамтамасыз етілді

12 маусым 2023, 10:56
Семей қаласының аумағына орман өртінің таралуын болдырмау үшін Озерки ауылымен шекарада бақылау жүргізілді, өртті сөндіру үшін барлық күштер тартылды.
Орман өртін сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар ауыз сумен және тамақпен толықтай  қамтамасыз етілді

Кешеден бастап "Семей орманы" өрт орнында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері және басқа да жауапты қызметтер жұмыс жүргізуде.

"Жағдай өте қиын, арнайы өрт сөндіру техникасы, тракторлар және басқа да қажетті құралдар жұмылдырылды.   Штаб жұмыс істейді, өртті таратпау және жою үшін барлық шаралар қабылдануда. Өрт маңында мамандардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Ең басты міндет- тұрғын алаптарға оттың таралуына жол бермеу, Ол үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейтін болады", - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігі өрт сөндіруші құтқарушылар үшін қажетті жағдайларды, соның ішінде тамақтануды, ауыз сумен қамтамасыз етеді, түнейтін орындар дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar