
Маукен Түкібаев пойыз кондукторы, содан кейін станция бойынша кезекші болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеп, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге үлес қосты. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар жол аралықтарында жұмыс атқарды.
Балалары Маликриян Маукенович, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы және Зулкумар Сыдықұлы әкелерінің даңқты және ерен еңбегін абыроймен жалғастыруда.
Бүгінде темір жолда Түкібаевтар әулеті негізін қалаушылардың немерелері мен шөберелері жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, жыл сайын өтетін байқауда «Үздік еңбек әулеті» ретінде ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.