
Қала әкімі пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және объектілерді салу мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударды.
"Тұрғын үйлерді тұрғызу кезінде үйлердің ішкі әрлеуіне де сапалы материалдарды қолдануыңыз керек", - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Қазіргі уақытта Қарағайлы шағын ауданында 20 бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада 2024 жылы қолданысқа берілетін тағы 6 үйдің құрылыс жұмыстары басталады.
Айта кетейік, Семейде ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 487 пәтерлі 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.