
Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1 қазаннан бастап Семей қаласында «Сергек» фото және бейнетіркеу жүйесі енгізілді. 1500-ден астам бейнебақылау камерасы жаңадан құрылған «Ахуалдық орталыққа» қосылған. Бұл туралы көшпелі баспасөз конференциясы барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев хабарлады.
2025 жылы аяқталатын көлік көпірін қайта құру жобасы іске асырылуда.
Биыл 7,2 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды жапон мамандары жүргізеді.
«Аспалы көпір құрылымын жөндеуге және жол төсемін жаңартуға қажетті құжаттамаларды дайындау басталды», — деді өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев.