
Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.
- Семейліктер үшін жол ең өзекті мәселелердің бірі. Биыл қала ішінде 40-қа жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмысты уақытынан кешіктірмеуді және келісімшартта көрсетілген жұмыстардың талапқа сай болуы –басты талабымыз,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.