
Ағымдағы жылдың мамыр айында Жарқын ауылына 8,3 км кірме жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 49900 м2 құрайды, сондай-ақ жол белгілерін орнату көзделген. Бұл жоба ведомстволық сараптамадан өтті.
— Мен әкім болып тағайындалған күннен бастап жарқындықтар жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап келеді. Күз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмағандықтан, жұмыстарды көктем мезгіліне қалдырдық. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтады. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын”,- деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Семей қаласының мәдениет бөлімінің ұйымдаструымен балаларға театрландырылған қойылымдар қойылып тәттілер таратылды. Ауыл халқы бауырсақ пен палау басып, ақ жарма тілектерін жеткізді.
- Жарқын ауылының тұрғындарының көпшілігі қалада жұмыс істейді. Жол азабын қаншама жылдан бері көріп келе жатырмыз. Міне, асфальт төсемдерін жүргізу басталды. Облыс әкімі мен қала әкіміне Жарқын ауылының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Осының құрметіне ауыл халқы бірлесіп, той-думан жасап жатырмыз,”-деді ауыл тұрғындары.