USD447.4EUR477.55RUB4.76

Семейде қаланы санитарлық тазарту бойынша экологиялық екіайлық акциясы аяқталды

02 маусым 2023, 17:03
1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бастамасымен қаланың барлық аумақтарында, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік объектілерінің іргелес аумақтарын, қаланың шеткері және орталық көшелерін тазартуға бағытталған экологиялық акция өтті.
Семейде қаланы санитарлық тазарту бойынша экологиялық екіайлық акциясы аяқталды

Осы науқан аясында 100-ден астам рұқсат етілмеген полигондар түпкілікті тазартылды. Сенбілікте Семей қаласының аумағынан 2 мың шаршы метр қоқыс қалдықтары мен 7,5 мың шаршы метрден астам ірі қалдықтар полигонға шығарылды.  Қаламыздағы санитарлық тазарту бойынша екіайлық барысында  Холодный ключ, Жоламан кентінен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің 80% –ы, Бобровка, Шығыс, Степной, Комсомольский, Нахаловка кенттері мен  Мұрат, Бобровка саяжайларындағы 60% полигон жойылды. 

Сондай-ақ, белгіленбеген жерде заңсыз қоқыс төгу фактілерін болдырмау үшін учаскелік полицейлер кезекшілік етеді. Осы уақыт арадығында 4 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер жол белгілерін, тротуарларды, жолдарды, аялдама павильондарын жуу, жол жиектері мен қоршауларды бояу, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді қоқыстардан тазартуды жүргізді. Ағымдағы жылдың көктемінде қала ішінде 3000-нан астам ағаш отырғызылды. 

Қала басшысы барлық қала тұрғындарына экологиялық акцияға қатысқаны үшін өз алғысын білдірді.

"Осы науқан аясында апта сайын сенбіліктер өткізіліп, оған барлық коммуналдық қызметтер мен қала тұрғындары қатысты. Әсіресе жастардың белсенділігін көріп, көз қуанды. Уақыттарыңызды бөліп  бастамамды қолдаған әрбір қала тұрғынына алғыс айтамын. Сіздер қаламыздың тазалығына зор үлес қостыңыздар»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауларыңызды сұраймыз. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде! 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar