
Биылғы жылы Новобаженово ауылында 7470 га алқапқа дақылдар егу жоспарланған. Оның ішінде майлы дақылдар-5028 га, картоп -203 га, көкөніс-бақша дақылдары- 97 га. Бұл жұмыстарға округтің 13 шаруашылығы қатысуда, атап айтқанда «BaAgroInvestGroup» ЖШС, «Кали», «Лаура», «Толағай» және т.б. Шаруашылық жетекшілері жаз айларында күтіп- баптау жұмыстарын нәтижелі жүргізіп, мол өнім алуды жоспарлап отыр.
«Егіс алқабы толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылған. Биыл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биылғы көктемгі дала жұмыстары ерте басталды»,- деді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.