
«Жаз мезгілінің алғашқы күні 27 отбасы баспаналы болуда. Өткен жылы 128 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Пәтер иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа пәтер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!»- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан.