USD448.15EUR483.46RUB4.86

Семейде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде

01 маусым 2023, 17:16
Бүгін Семей қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 20-ға жуық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламалар қаланың орталында ғана емес, шеткері аумақтарын да қамтиды.
Семейде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде


 “Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімшесінің  ұйымдастыруымен «Балалық шақ - ертегі әлемі!” атты мерекелік шара өтті.

«Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай арнайы ұйымдастырылған шараға Семей қаласы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С. Жумадилов қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

«Жаздың күні қандай жайдары болса, бұл мереке де сондай шұғылалы болуы керек. Баланың жүзін кірбің шалмауы – барлық ата-ананың басты арманы болса, ал мемлекеттің негізгі міндеті. Балаларға тек мереке күні ғана емес, жылдың әр күнінде көңіл бөліп, қорғауымыз қажет» - деп атап өтті С. Жумадилов.

Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері келіп балалармен ойындар ойнап, би билеп іс-шараны қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar