USD449.96EUR487.67RUB4.86

Семейде Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

31 мамыр 2023, 16:58
Семейліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Еске алу күніне орай қала тұрғындары «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткішіне жиналып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Еске алу шарасына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен қоғам белсенділері қатысты.
Семейде Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Барша адамзат үшін дамудың, азаттықтың дәуірі болған ХХ ғасырды Қазақ елі бодандықтың бұғауында қарсы алғаны – ақиқат. Осы бір аласапыран заманда бүтіндей бір ұлттың сенгені тек оқыған азаматтар болатын. Елдің егемендігін қалпына келтіріп, озық, өркениетті елге айналдыруды көздеген Алаш қозғалысы дәл осы заманда «қараңғы қазақ көгіне КҮН БОЛЫП өрмелеп шықты». Ұлттың ұлы тұлғалары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар сын сағатта, аянбай қызмет етіп, қазақтың ары мен намысын өз жанынан биік қойды. Азаттықты аңсады... Алайда, «қызыл террордың» кесірінен, олар, жүз мыңнан астам жазықсыз жазаға ілінгендер «көшін» бастап, «Халық жауларын» анықтау саясатының құрбаны болды, «Қауіпті элемент» болып атылды. Бүгінде Алаш арманы ақиқатқа айналды. «Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей де өз биігіне шықты. Абай облысы құрылды. Бұның өзі, тарихты ардақтап, әділдікке жол берген Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың салиқалы саясатының негізінде мүмкін болып отырғанын ерекше атап өту орынды. Заманалар ауысып, қара жер қойнына жасырғанымен, азаттық жолында құрбан болғандар еш ұмытылмайды! Себебі, асыл азаматын ардақтайтын ұрпақ бар!», - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков. 

31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде Шалқар Байбеков заманның заңғар тұлғалары жастардың жадында мәңгі сақталып, бабалар аманатына адал ұрпақтың өмір бәйгесінде, асықтары алшысынан түсе берсін деген ниетін білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar