USD447.4EUR477.55RUB4.76

Брефинг өткізілді

31 мамыр 2023, 16:27
Абай облысының медициналық сақтандыру қорының Филиалы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп РСК базасында журналистерге арналған брифинг өткізді. Іс-шараға филиал директоры Ғалымжан Әбілов және ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова қатысты.
Брефинг өткізілді

Брифинг барысында Ғалымжан Әбілов журналистерге филиалдың 2023 жылғы 1 тоқсандағы атқарған жұмысының нәтижелері туралы баяндама жасады.
Мәселен, облыста өткен жылмен салыстырғанда медициналық көмек көрсетуге қаржыландыру көлемінің 20% - ға ұлғаюы байқалады. 2023 жылға 80 млрд. теңгеден астам қаржы жоспарланған, оның ішінде: ТМККК бойынша 42 млрд астам және МӘМС бойынша 38 млрд жуық.
Сондай-ақ, филиал директоры Қор тарапынан қаржыландырудың жоқтығы туралы қайталанатын ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемді жасалған шарттардың сомалары шегінде толық көлемде жүзеге асырады. Медициналық ұйымдар мен олардың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін төлемді талап етеді. Атап айтқанда, төлемге ұсынылатын сома шартта көзделген ай сайынғы көлемнен едәуір асады. Өз кезегінде қор бюджетте көзделгеннен артық төлей алмайды."- деп түсіндірді Ғалымжан Әбілов
Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тұрақты негізде көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізеді. Қор үшін проблемалардың бірі - "тіркеулер", яғни медициналық көмектің расталмаған жағдайлары.
Тіркеулердің ең көп саны консультациялық-диагностикалық қызметтер мен амбулаториялық-емханалық көмекке тиесілі және 800 000 теңгеден астам сомаға 169 жағдайды құрайды. "Құқық бұзушылардың" барлық денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды.
Қор қаржылық құрамдас бөлігінен басқа пациенттердің келіп түскен өтініштер арқылы уақтылы және сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғаумен айналысады.
«Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөліміне 2023 жылдың 1 тоқсанында Абай облысы қорының филиалына 14 964 өтініш келіп түсті, олардың жалпы санынан 14 046 өтініш call-орталыққа 1406, Qoldau қосымшалары арқылы-24/7 – 822 өтініш, 28 - Қордың сайтына, 68-Telegram Чат-ботына өтініш түсті. 14 964 өтініштің ішінде алғыс саны 20 өтінішті құрады, жеңілдік санатын беру – 59 өтініш, 237 – Абай облысының медициналық ұйымдарына шағымдар, 14 648 консультативтік сипаттағы өтініштер. Барлық өтініштер уақтылы, жан-жақты қаралды, қойылған сұрақтарға толық жауаптардан тұрады.» - деді Ғалымжан Әбілов.
Сондай-ақ, ДСБ басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова журналистерге Абай облысы құрылғаннан бері басқармасының атқарған жұмыстары туралы айтып берді.
"Біріншіден, облыстың барлық медициналық ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру мәселесі біз үшін өзекті болып қала береді. Екіншіден, аудандарға барған кезде көптеген тұрғындар гемодиализ бөлімшесін ашуды сұрады, өйткені әркімнің қалаға әр уақытта баруға мүмкіндігі жоқ. Балалардың денсаулығы басым міндет болып табылатынын және шала туылған балаларға көп көңіл бөлінетінін бөлек атап өтемін. Мәселен, қалада заманауи жабдықталған облыстық перинаталдық орталық жұмыс істейді.»

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar