
Үш байқаудың қорытындысы бойынша «Әлеуметтік желілердегі пост», «Кіші отан туралы бейне ролик» және «Біздің таңдауымыз» әлеуметтік жобасын қорғау байқауында № 37 гимназияның Президенті Закимова Аружан жеңіске жетті, қазылар алқасы гимназияның вице-президенті Тұрлыбек Аружанды ерекше атап өтті. Барлық басқа қатысушылар Абай ауданынан Кеңес Ұлан, Ақсуат ауданынан Бяхметова Мерей, Аягөз ауданы Қадырбекова Диляра, Жарма ауданынан Өмірбекова Аяулым, Курчатов қаласынан Григорьянц Дарина, Бесқарағай ауданынан Ержанат Алдияр Көкпекті ауданынан Мусенова Арайлым, Бородулиха ауданынан Жирова Яна арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға арнайы облыстық балалар биологиялық орталығына бару ұйымдастырылды, онда көшбасшылар үшін Мектеп парламентінің фракциялары негізінде қызықты квест-ойыны өтті.
Қатысушылар арасында ынтымақты атмосфера қалыптасты, жаңалыққа деген көзқарас пайда болды.