
Кездесуге сазгердің аяулы жары музыка маманы Мағуар Кенжебайқызы арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқырмандармен ой бөлісті. Сонымен қатар, кездесу төрінде "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" зейнеткер ұстаз-домбырашы- Қадыр Досымжанов сазгер жайында естеліктермен бөлісе келе,қоңыр үнді домбырасымен күмбірлете күй төкті.Әнші, сазгердің шәкірттері М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің "Музыкалық білім беру" мамандығының арнайы пән оқытушысы Берікбол Ерғабыл және "N41 жалпы орта мектептің" музыка пәнінің мұғалімі Нұрлан Әкімжанов сазгердің ән қоржынындағы "Бұрымды қыз", тағы да басқа әндерін орындады.М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің оқытушысы, опера бұлбұлы Әйгерім Аширова ерекше даусымен көрермендерді таң қалдырды.
Шәкәрім атындағы университеттің 2 курс студенті Еркеназ Шағыманова сатиралық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шығармашылық кездесудің тізгінін Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сейсенұлы Алин жүргізді.Мұрат Сейсенұлы әншінің өмірі мен өнер жолын өскелең жастарға үлгі ретінде айта отырып, ой бөлісті.
Кездесу соңында сазгер,әнші Аймұханбет Бейсембеков кітапхана ұжымына ризашылығын білдіре отырып,таяуда жарық көрген "Сайтан алғыр сатира" атты жаңа кітабын кітапханаға сыйлады.Бұл кездесуден алған ерекше әсері жайында сазгер ағамыз фейсбук парақшасында жазған болатын.Сегіз өнерді серік еткен өнер иесі Аймұханбет ағамызға шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз.
Шенділерді сатирамен түйреген,
Әзілінен "қаймыққандар" именген!
Көңілі ақ, мінезі бар баладай,
"Халтураны"жаны мүлдем сүймеген!
Сан алуан бойға жиған өнерді,
Серік еткен қасиетті өлеңді!
Жүз жасасын жүрегіңіз әуенді,
Әлі талай сазды әнді төгеді.
Сөз соңында кездесудің тартымды өтуіне қолдау беріп,белсенділік танытқан барлық колледж ұжымына алғыс білдіргім келеді.
Кітапхана қызметкері Хайрылханова Индира