
Аталған шара қолөнершілер мен суретшілердің еңбегін бағалауға, қазақ халық оркестрін насихаттауға мүмкіндік береді. Қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасалған.
Шығармашылық алаңның ашылу салтанатында бабадан қалған әндерді қаз қалпында нақышына келтіріп орындайтын «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мерекелік бағдарлама ұсынды.Ата-бабамыздан қалған және жаңа әдіспен жасалатын қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақ өткізілді. Шеберлердің бір-бірімен тәжірибе алмасуға да мүмкіндік пайда болды.