
Дезинсекциялық іс-шараларды Семей қаласының ТКШ бөлімі мердігерлермен бірлесіп, таяз су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді өңдеу жүргізеді. Қазіргі таңда ашық стацияларды, кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендер және т. б. өңдеу басталды. Атап айтқанда, Әуезов алаңы, Орталық саябақ, Казкрай, Восточный, Жеңіс саябағы, Энергетик шағын ауданы, Цементшілер кентінде дезинсекция жұмыстары жүргізілді.
Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Барлық өңдеу 3 тур бойынша өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмысқа 20-дан астам дезинфектор, биолог-энтомолог, моторлы-ранцты бүріккіш, термогенератор, дезинфекциялық машина жұмылдырылды.
Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі жоқ инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.
Айта кетейік, масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды, бірақ бұл шаралар олардың санын анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді.