
- ”Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы “Алтын белгі” белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде “Алтын белгі” мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1417 (73,1%) оқушы қатысты.Орташа балл - 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады”, -деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.
Семей қаласы бойынша мамыр, маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-ға 1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.