Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында қозғалысты насихаттау болып табылады.
«Көше спортына қызығушылардың қатары күн санап артып келеді. Оларға ыңғайлы жағдай жасау үшін жергілікті билік тарапынан да қолдау бар. Атап айтқанда, қаланың әрбір бөлігінен арнайы алаң ашылып, онда тұрғындар тұрақты түрде жаттығып жүр. Жаз маусымы басталғандықтан, әр аптса сайын осындай жиындарды өткізуді жоспарлаудамыз», -деді спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаев.