
Акцияның негізгі мақсаты: кітапхана ісін дамыту, қызықты адамдармен және қоғамдық ұйымдармен кәсіби ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздестіру, кітапхана жай кітап сақтайтын орын ғана емес, ол қарым-қатынас, диалог және демалыс үшін қолжетімді алаң екенін көрсету.
Іс-шара сағат 20:00-де басталды және шара қонақтары өз қалауы бойынша ойын-сауыққа қатысты. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін қызықты түнгі мәдени бағдарлама дайындалды: кинотеатрда ойындар, ойын-сауық (поэзия, гитарамен ән айту), караоке, фотоаймақ, kofetime және «Бенджамин Баттонның жұмбақ тарихы» атты қызықты фильмі көрсетілді. Бұл кеш келушілерге ұмытылмас әсер калдырады.