USD502.47EUR525.83RUB5.68

ӨНЕР АДАМДАРЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

22 мамыр 2023, 17:19
Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті.
ӨНЕР АДАМДАРЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Абайдың “Жидебай-Бөрілі” музей үйінің алдында қаламыздың барлық өнер ұжымдары мен мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері жиналды. Жиын қала  әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың құттықтау сөзімен басталды.

“Семей қаласы - ғұлама-ғалымдарды, жазушы-ақындарды және өнер саласына айрықша үлес қосқан дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген киелі мекен. Қаламыздың мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамын",- деді қала басшысы. 

Сондай-ақ, қала әкімі бірқатар өнер саласына еңбегі сіңген қызметкерлер мен ардагерлерге алғыс хаттар табыстады.

Бүгінгі мерекеге жиналған ақын мен жазушы, әнші мен биші, барлық өнер саласының қызметкерлері сән салтанаты келіскен лимузинмен келіп, оларға қызыл кілем жайылды. Сонымен қатар, тәтті дәмнен фрушет қойылды. Мерекелік іс-шара ән шашумен ұласты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar