
Іс-шара барысында Абай облысының ерекше көзге түскен мәдениет қайраткерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР МСМ-нің Құрмет Грамотасымен, облыс әкімі Н.Т. Ұранхаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Шараға қалалар мен аудандардың салалық мекемелерінің өкілдері, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері және еңбек ардагерлері қатысты. Салтанатты шара Бақыт Беделханның «Үш бәйтерек» қойылымының премьерасымен жалғасты.
Қойылымда қазақ даласын дауысымен тербейтін, әнімен әлемді әлдилейтін, Ұлы өнердің көшін тізгіндеген тұлғалар – Бекен Жамақаев, Теміржан Базарбаев, Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылық жолынан толғамды ойға бөлейтін оқиға көрсетілді. Пьесадан музыка ырғағынан еркіндік есетін кәсібилікті аңғаруға болады. Қойылымда әндегі үнді, ырғақты көркейтіп, көптің көкейіне сабақтастырған туындылар көрсетілді.