USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімі ТВК-6 телеарнасына барып, медиахолдингтің жұмысымен танысты

18 мамыр 2023, 09:00
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 1991 жылы ашылған қаламыздағы ең алғашқы коммерциялық арнаның жұмысымен танысуға арнайы барды. Қала әкімі телеарна басшысы Омарбек Байуақовпен кездесіп, ТВК-6 медиахолдингін дамыту перспективаларын талқылады.
Қала әкімі ТВК-6 телеарнасына барып, медиахолдингтің жұмысымен танысты

"Қаламызда ТВК-6 арнасы болғанына қуаныштымыз. Сіздер тек телеарна арқылы ғана емес, баспасөз арқылы да қаламыздағы болып жатқан жаңалықтарды Абай өңіріне таратуға ат салысасыздар. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін”,- деп атап өтті қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов. 

Холдингке телеарнадан басқа екі мерзімді басылым - "Ертіс өңірі" және "Спектр" газеттерінің редакциялары да кіреді. Екі баспа басылымы аптасына бір рет медиахолдингтің жеке баспаханасында шығарылады.

Баспа орталығында Нұрбол Нұрсағатов станоктың жұмысымен танысып, газет шығаруға жауапты инженер-технологтармен әңгімелесті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar