USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімі Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді

17 мамыр 2023, 14:39
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс бабымен Қарағайлы шағын ауданына барып, Қарағайлыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қала басшысымен бірге нысандарды тексеруге мердігер ұйымдардың басшылары да қатысты.
Қала әкімі Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді

Қала әкімі пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және объектілерді салу мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударды. 

"Тұрғын үйлерді тұрғызу кезінде үйлердің ішкі әрлеуіне де сапалы материалдарды қолдануыңыз керек", - деді Нұрбол Нұрсағатов. 

Қазіргі уақытта Қарағайлы шағын ауданында 20 бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада 2024 жылы қолданысқа берілетін тағы 6 үйдің құрылыс  жұмыстары басталады. 

Айта кетейік, Семейде ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 487 пәтерлі 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar