
- Қалалық әкімдік жаңа қоқыс жәшіктерін қаланың орталық көшелерінде орнатуды жоспарлап отыр. Ескі қоқыс жәшіктері жөнделіп, боялып, қаланың шеткері аумақтарындағы кенттерге жеткізіледі. Осылайша біз қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын жеделдете аламыз, - деп мәлімдеді ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Омаров.
Айта кетейік, қала әкімдігінің қолға алған шараларының нәтижесінде қала тұрғындарының қоқыс шығаруға қатысты арыз-шағымдары айтарлықтай азайды. Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.