
Ойынды Республикалық «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Есен Елеукен жүргізді. Сайысқа 7 команда қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша ІІІ орынды «Шатыр» құрамасы, ІІ орынды “Жуалы” құрамасы, ал бірінші орынды «Абибас» құрамасы иеленді. Кеш барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов сөз сөйлеп, бас жүлдені иеленген “Абибас” құрамасына қала әкімінің кубогын табыстады. Қызықты да тартысты өткен сайыс қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.