USD502.47EUR525.83RUB5.68

Аялдама павильондарына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды

28 сәуір 2023, 16:19
Бүгінгі таңда Семей қаласында 593 бірлік аялдама бар, оның ішінде 470 бірлік әртүрлі типтегі аялдама павильондарымен жабдықталған. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған барлық аялдаманы күтіп ұстау мақсатында павильондарды сырлау, урналарды ауыстыру, темір конструкцияларды жөндеу, ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру, аялдама қалталары мен алаңдарды орнату бойынша жұмыстар басталды.
Аялдама павильондарына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды
Семей қаласының әкімдігі ағымдағы тозығы жеткен немесе аялдама бекеті мүлде орнатылмаған орындарға 80 жаңа металлды аялдама павильондарын орнатады. Қазіргі таңда мердігер ұйымдар анықталды, жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевтың мәліметінше, Ағымдағы жылы іргелес аумақты және аялдама пункттерін тазалаумен 4 мердігерлік ұйымдар айналысады.
Аялдама павильондарын күтіп ұстау мәселелері қала басшылығының тұрақты бақылауында. Аялдамалардың күтіп ұстауына қатысты шағымдарың болса жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің WhatsApp нөміріне жазуларыңызға болады: +7 (747) 752-26-84
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar