
Жиырма жылдық еңбектің ел алдында ақталып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленгеніне куә болдық. Қалалық мәдениет үйінде өткен кеште зал толы көрермен жиналды. Құттықтап келген өнер жолында жүрген әріптестері және қалалық мәдениет үйінің ұжымы, әншілері мен би топтарының да мерейтойға тартулары, жыр шашулары болды. Ұлт мұрасын ұрпаққа аманттау, халық әндерін бала буынның бойына сіңіру, тек ән-жырмен ғана емес, сонымен қатар ұттық киім үлгілерін, аспаптарымызды да дәріптеп жүрген «Ахау Семей» ансамбліне шығармашылық жолдарында шабыт, еңбек жолдарында телегей табыстар тілейміз!