USD502.47EUR525.83RUB5.68

“Кітап оқитын адам – табысты адам ”

24 сәуір 2023, 15:10
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының дәстүрлі түрде өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай сәуір айының 23-ші жұлдызында Семей қаласының орталықтандырылған Балалар және жасөспірімдер кітапханасында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттерімен “Кітап оқитын адам – табысты адам ” атты әдеби глобус өтті
“Кітап оқитын адам – табысты адам ”

 

     Шараның негізгі мақсаты қазақ және шетел әдебиеті кітаптарын талдай отырып, оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, ой-өрісін дамыту. Өтілген шараның қонақтары ретінде зейнеткер кітапханашы Нұргүл Мұхамеджанова, жергілікті ақын Бауыржан Игілік және де, Семей медицина университетінің Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы магистр ағылшын пәнінің мұғалімі Жананур Камбаровна, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі Бақытжан Түктібаев ән шырқап,кештің көркін кіргізді. Жастар ресурстық орталығының директоры міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек болды. Шара қонақтары сөз барысында өз шығармаларымен бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы, құндылығы жәнеде қазіргі заман әдебиетіндегі өмірге пайдасын тигізетін кітаптар жайында сөз қозғап, оқыған кітаптарымен таныстырып, түйген ойларымен бөлісті. Жас ақындар кітап туралы шығарған өз өлең шығармаларын оқып, күй шертті.Қ.Рысқұлбеков атындағы 33 ЖОББМ "Жас Қайрат" аула клубының  оқушылары 4"Ә"сынып оқушысы Кәусар Құсманова қобызда ойнап, 1"А" сынып оқушылары Еркеназ Сағатбекқызы  және  Мирас Рысқали ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қ.Рысқұлбеков атындағы 33 ЖОББМ "Жас Қайрат" аула клубының  оқушылары 4"Ә"сынып оқушысы Кәусар Құсманова қобызда ойнап, 1"А" сынып оқушылары Еркеназ Сағатбекқызы  және  Мирас Рысқали ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar