
”Екі аптадан аса уақыт ішінде қалалық әкімдік 30 жылдан астам уақыттан бері келе жатқан қоқыс үйінділерін тазалады. Қалалық әкімдікке және коммуналдық қызметтерге айтар алғысымыз шексіз”, -дейді Цветочный көшесінің тұрғындары.
Айта кетейік, Холодный ключ кентіндегі Холодный ключ көшесінде жұмыстар әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, Степной, Восточный, Кирпичный, Березовский, РСУ-1 кенттерінде де қоқыс үйінділерін жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Қала тұрғындарына белгіленбеген жерге қатты тұрмыстық қалдықтарды төкпеуді сұраймыз. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде.