
Қалалық ТЖ басқармасы 2023 жылғы 15 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ертіс су қоймасының каскадынан табиғатты қорғау ағынын өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Шүлбі су қоймасынан судың барынша төгінділері жүргізіліп жатқанын хабарлады.
“Мұндай су шығыны кезінде өзен деңгейінің көтерілуі күтіледі, сондай-ақ Ертіс өзенінің жайылмаларын су басу қаупі болуы мүмкін. Осыған байланысты Семей қаласының ТЖБ азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және Ертіс өзенінің жағалау белдеуіне барудан бас тартуды сұрайды”, – деп ескертті ТЖБ.