
Пленарлық отырыста Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысына байланысты жаңа деректер мен ізденістер ортаға салынып, Алаш қайраткерлерінің әдеби және тілдік мұрасы қарастырылды.
Конференцияның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның тарихи тұлғасы мен артына қалдырған мұрасының ұрпақтар сабақтастығындағы рөлін насихаттау, Алаш қайраткерлерінің саяси-әлеуметтік және ғылыми мұраларын зерттеу,зерделеу болып табылады.
Конференцияның пленарлық мәжілісіне Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан елдерінің жетекші ғалымдары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің басшылары, қоғам қайраткерлері, білім алушы докторанттар мен магистранттар, білім беру және мәдениет салаларының мамандары қатысты.
Атап айтқанда, пленарлық мәжіліс барысында: - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов; - ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді; - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, «Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі» басқармасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов;
Шәкәрім университетінің ректоры Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлына құттықтау сөз берілді.
- Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Гүлмира Құрмангалиева (Түркия) - Хоккайдо университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Томохико Уяма (Жапония); - Әлихантанушы ғалым, т.ғ.д., профессор Виктор Козодой (Ресей) - Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының төрағасы, ғалым Дәметкен Сүлейменова; - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, Рауан Байдалы сынды ғалымдар баяндама жасады.
Пленарлық отырыс барысында Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университеті мен Әлихан Бөкейхан Университеті арасында ғылыми зерттеу және білім беру жұмыстарын жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан Университеті «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының редакциясымен жарық көрген «Әлихан туралы естеліктер» кітабы мен «Әлихан Бөкейхан» фотоальбомының тұсаукесері өтті.
Конференция жұмысы аясында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, танымал суретші, кескіндемеші Алмас Сырғабайдың «Алаштың Алиханы» атты композияциялық топтамасының тұсау кесер рәсімі өтті. Суреттер топтамасы Әлихан Бөкейхан Университетінің тапсырысымен орындалып, оқу орнының 25 жылдық мерейтойына арналды.