USD502.47EUR525.83RUB5.68

"Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба"

11 сәуір 2023, 14:01
ҚҰРМЕТТІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ!

Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақының пайыздық  мөлшерлемесін  субсидиялау, кредиттер бойынша  кепілдік беру қағидаларына  өзгерістер  енгізілді:
Ұлттық жоба бағдарламасының индустрия-инновациялық саладағы кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау экономиканың басым секторы бойынша жүзеге асырылады. Ал егер бизнесіңізді моно және шағын қалаларда, ауылдық жерде дөңгелетіп отырсаңыз  - салаға шектеу жоқ. 
•    Қолыңызға тиетін ақшаның максимал сомасы 3 млрд теңге; Айналым қаражатын толықтыруға 500 млн теңгеге дейін рұқсат бар. 
•    Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде несие сомасы 1,5 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал егер ол кәсіпкердің қызметі экономиканын басымдық берілген секторларында болса 3 млрд теңгеге дейін беріледі.
•    Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде саудамен айналысатын кәсіпкерлерге несие 100 млн теңгеге дейін беріледі.

Ал субсидия көлеміне келер болсақ: 
Банктің беретін несие мөлшерлемесі ҚР базалык мөлшерлемесінен +5%-ға артык болады. «Даму» Қоры соның 13,75%-ын субсидиялайды.
Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің несиесінің 14,75- ын субсидияланады.

Кредит бойынша кепілдік беру:

Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкелер үшін шарттар: кредит (тер) сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспауы тиіс, кепілдік мөлшері кредит сомасының 85% – нан аспауы тиіс) 
Кәсіпкер үшін кепілдік беру шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 1 (бір) млрд.теңгеден аспауға тиіс.
Кепілдік мерзімі-кредит мерзімінен аспауы тиіс.
Кепілдік  мөлшері несие сомасының 85 % теңгеге дейін беріледі. 

Бағдарламаға енген өзгерістер жайлы толық ақпарат Абай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-нан алуға болады. Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, К. Мухамедханова, 23а, 101 кабинет. Байланыс телефон: 8 (7222) 60-00-50.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar