
Семей қаласының білім бөлімі Орталық алаңда "Абылайхан ауылын" құрды. Абылайхан ауылында ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, қойылымдар қойылып, концерттік бағдарламалар қойылды. Тамашалауға келген халық киіз үйдегі ұлттық экспонаттармен танысып, батырлармен, хандармен, билермен фотоға түсті.
Киіз үйдің таныстырылымы жоғары деңгейде өтіп, ұйымдастырылған шараның көңілдерінен шығып жатқандығына халық алғыстарын білдірді.