
2023 жылғы 22 наурызда орталық алаңда сағат 10:00-ден бастап мерекелік бағдарламалар мен ұлттық ойындар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың бір ерекшелігі, әртүрлі тақырыптарды арқау ететін импровизацияланған ауылдар ұлттық салт-дәстүрлер бойынша өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, 22 наурыз күні Орталық алаңда 17:00-22:00 аралығында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз. Наурыз құтты болсын!
Құрметпен, Семей қаласының әкімдігі