
Осыған байланысты бүгін Семей қаласының тұрғын үй инспекциясының мамандары Полиция басқармасының өкілдерімен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін: ОСИ, КС, ПТ, кондоминиумдарға түсіндірме парақшаларын таратты. Сонымен қатар, Наурыз мейрамының тойлануына байланысты, аумақты 5 күн ішінде тазалауды тапсырды. Семей қаласының әкімдігімен ірі көлемді қоқыс шығару үшін техника ұсынылады.
Ескертеміз! Бұдан былай, белгіленбеген жерге қоқыс төгушілерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша, 5-10 АЕК айыппұл салынатын болады.Сонымен қатар заң бұзушыларға жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.