
Қазіргі уақытта суды тазартуға 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары, 8 бірлік жылжымалы мотопомпалар және 12 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға илосос машинасы мен арнайы техника тартылған. Қазіргі таңда 22 мың м3 астам су сорылды.
Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Холодный Ключ, Восход кенттерінде қар шығару жұмыстары жалғасуда. Қар шығару жұмыстарына 50-ден артық техникалар жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша қыс мезгілінің басынан бастап қала аумағынан 476 мың м3 астам қар шығарылды.