USD502.47EUR525.83RUB5.68

Семей қаласының әкімінің кездесуінен

13 наурыз 2023, 09:45
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігіндегі тұрғындармен кездесу өткізді.
Семей қаласының әкімінің кездесуінен

Жиын басталмас бұрын қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап кеңес берді. Кездесуде ең алдымен қала әкімі 2022 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды көпшілікке таныстырды.
Қала әкімінің баяндамасы аяқталғаннан кейін, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды да қойды. Сұрақтардың ішінде көктемгі су тасқынының алдын-алу, қаңғыбас иттерді аулау, қосымша қоғамдық көлік маршруттарын қосу, жолдарды асфальттау сынды мәселелер қойылды.

"Қойылған сұрақтарыңыз өте орынды. Бірақ барлық жұмыстар кезең- кезеңімен жүзеге асады. Әкімдік тарапына келіп түскен барлық сұрақтар, ескертулер, ұсыныстар талданады, бірде-бір мәселе қараусыз қалмайды. Кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі”, - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar