
«Бүгінде біздің қаламызда 150 мыңнан астам нәзік жанды азаматшалар тұрады. Олар үнемі аймақ азаматтарымен қатар, түрлі бағыттар бойынша облыстың дамуына белсенді үлес қосып жүр. Сіздер бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер»,- деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Қала әкімінің қабылдауында болған ардагер аналар жылы лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар осы аптаның соңына дейін жалғасады.