
Абай облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шара жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының және ерекше білім беруді қажет ететін арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсеткен демеушілер мен тәлімгерлердің басын қосты.
Шарада облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың атынан білім саласындағы арнайы ұйымдардың балаларына баға жетпес ілтипат пен адами жылулық көрсеткен демеушілерге алғыс білдірілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Алғыс хаттарымен марапаттау салтанаты өтті.
Шарада арнайы ұйымдардың балалары да өнер көрсетіп, демеушілерге шығармашылықтарымен ризашылықтарын жеткізді.