USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті

02 наурыз 2023, 09:30
Елімізде дәстүрлі түрде көктемнің бірінші күнінде аталып өтілетін Алғыс айту күнін мерекелеу 25 ақпанда басталды
Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті

Қаламызда осы  мерекеге арналған 30-ға жуық іс-шара өткізілді: балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған "Жүректен жүрекке","Қайырымдылық керуені" еріктілер акциялары (жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесу), "Еңбекші жастар-2023" фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар (жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру), "Алғыс" инста-челленджі  (қаламыздың оқу орындары қолдады).

"Арамыздағы қаһармандар" алғыс челленджінің аясында қала тұрғындары денсаулық сақтау, төтенше жағдай және құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыстарын білдірді. Қолданбалы өнер көрмесі мен "Бір шаңырақ астында" атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың жалпы саны шамамен 10 000-ға жуық адамды құрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar