
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейде өткен « Алқабилер соты. Бүгіні мен ертеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
-Алқабилер институтының жұмысы сот процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді, халыққа мемлекеттік биліктің үшінші тармағын бақылауға мүмкіндік береді.
Халықтың сотқа деген сенімінің артуы сот жүйесінің әрбір қызметкерінің кәсіби шеберлігіне, тәжірибесіне, ұлтжандылығына, заңды сақтауына және күнделікті тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты, - деді алғы сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.