
Семей қаласында жылу беру маусымы басталғаннан бері ТЖБ мамандары аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын 300 тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатқан болатын. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу демеушілер есебінен жүзеге асты.
Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігі келесі жылу беру маусымында аталған жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.