USD502.47EUR525.83RUB5.68

ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

22 ақпан 2023, 12:41
Бесқарағай ауданы әкімшілігі мен «Семей орманы» табиғи резерваты екі жақты меморандумға қол қойды
ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ-нің басшысы Байжан Мусаканов, Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов екі жақты меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – екі жақты қолдау көрсету арқылы кадр тапшылығы мәселесін шешу, бос орындар туралы ақпаратты беру арқылы аудан тұрғындарын «Семей орманы» резерваттарына жұмысқа ораналастыру, мемлекеттік бағдарламаларды аталған мекемеде жүзеге асыру.

Тараптар ағымдағы ынтымақтастықты оң бағалап, осы бағыттағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

Тараптар орман алқаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарды бірге атқару жұмыстарын өткізуге келісті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar