
Жиынға әр жақтан келген әскери қызметкерлер, Семей қаласының Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп- лицей-интернатының және қала мектептерінің оқушылары, колледж студенттері, сондай-ақ қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Шара барысында деректі фильм көрсетіліп, қаза болған сарбаздардың рухын еске алу мақсатында 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар, кездесу барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ардагерлерді Құрмет грамоталарымен марапаттады. Іс-шара барысында еңбегі сінген барлық әскери қызметкерлерді және ардагерлерді алған Құрмет грамоталарымен құттықтаймыз!
1992-2001 жылдар аралығында Тәжік-Ауған шекарасынан 10 000-ға жуық сарбаздар мен офицерлер өтті. Семей облысының тумалары тәжік-ауған шекарасында 6 жауынгерден 500-ге жуық сарбаз қаза тапты.
Қайтыс болғаннан кейін 2-дәрежелі Айбын орденімен және Жауынгерлік ерігі үшін медалімен марапатталған. Қазіргі таңда Семей қаласында 150 ардагер тұрады.