USD444.22EUR476.38RUB4.82

Су басқан аулалар қалпына келтірілмекші

08 ақпан 2023, 10:01
Семей қаласының әкімдігі су басқан аулаларды қалпына келтіреді Бұл туралы қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.
Су басқан аулалар қалпына келтірілмекші

"Кәріз коллекторында болған оқиғаға байланысты кешеден бері апат салдарын толық жоюға  қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жер үйлердің аумағынан суды үздіксіз айдау процесі жүргізіліп жатыр, шамамен 3000 м3 су шығарылды. Жағдай әкімдіктің толық бақылауында. Апат салдарынан су басқан аулаларды Семей қаласының әкімдігі толық қалпына келтіретінін хабарлаймын",- деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

«Семей Водоканал» МКК директоры Еркен Сағандықовтың айтуынша, апатты жағдайды жою үшін «Семей Водоканал» МКК 14 техникасы жұмылдырылды, қазіргі уақытта 3 бригада жұмыс істеп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar