USD445.66EUR474.58RUB4.78

Автобус жүргізушілерінің жалақысы 40% пайызға артады

07 ақпан 2023, 14:31
Семейде автобус жүргізушілері ереуілге шығып, таңертең автобус паркінің жолын жауып, барлық қоғамдық көлік желісіне шығуына тосқауыл қойды. Осы орайда, Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев, «Семавтопарк» ЖШС директоры Григорий Пинчук пен «Таксомоторлық парк» ЖШС Асқар Зиядановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте Семей қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқандығын туралы айтылды.
Автобус жүргізушілерінің жалақысы 40% пайызға артады

«Қоғамдық көліктер өз бағыттары бойынша орташа алғанда сағат 6.00-21.30 аралығында жолаушылар тасымалын жүзеге асыруы тиіс. Соңғы үш айда  тасымалдаушыларға уақыт жиілігін сақтамаған үшін  23 млн. теңге айыппұл салынды. Қоғамдық көлік мәселесін шешу қала әкімдігінің қатаң бақылауында, қазір қажетті жұмыстар атқарылып жатыр», - деп атап өтті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.
Жалпы, қалада қоғамдық көліктер 40 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға жауапты үш мердігер                 ұйым – «АвтотранСемей» ЖШС, «Семавтопарк» ЖШС және «Таксомоторлы парк» ЖШС жұмыс жүргізуде.
«Кеше жүргізушілермен жағымсыз жағдай орын алды. Олар еңбекақыны көтеру туралы талаптар қойды. Мен олармен кездесіп, бір мәмлеге келген болатынмын. Кешке біз оларға  1 ақпаннан бастап жалақы қайта есептелетінін және оның 40% - ға дейін өсетіні туралы хабардар еткенбіз. Біз жүргізушілерге жұмысты тоқтатпауды және кесте бойынша шығуды ұсындық. Таңертең мен паркттің  аумағында болдым, онда 15-20 адамнан тұратын азаматтар қоғамдық көліктердің шығуына тосқауыл қойып, автобустардың шығуын жауып тастады. Олар қойған талаптар, айтып кеткенімдей орындалды», - деді «Семавтопарк» ЖШС директоры Григорий Пинчук.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar