
Ең жоғары балл жинаған 40 өтініш берушілер 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен жолдама ала бастайды.
Егер "Отбасы банк" АҚ іріктеуден өткен өтініш берушінің төлем қабілеттілігін мақұлдамаған жағдайда, кезектілік тәртібімен келесі үміткердің өтінімі қаралатын болады.
Бұған дейін хабарланғандай, "Абай жастары" бағдарламасына қатысуға 514 үміткер өтінім берген.
Бұдан әрі бағдарламаның 1 кезеңінен өткен өтініш берушілердің төлем қабілеттілігін тексеруді "Отбасы Банк" АҚ жүзеге асырады. Іріктеуден өткен 1-20 адам 2023 жылғы 1 ақпанда "Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-ге жолдама алу үшін келулерін сұрайды, қалғандары қатысушылар тізімі бойынша 2023 жылғы 2 ақпанда келулерін сұрайды.
Мекен-жайы: Семей қ., Шмидт к-сі 9/1.