
Бұл ескерткіштер қалаға ерекше колорит береді. Бас жоспарда қалада бар барлық тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін сақтау көзделеді. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері ретінде құнды болып табылатын барлық күрделі тұрғын және қоғамдық ғимараттар сақталған.
Семей қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің бекітілген тізіліміне 67 ескерткіш енгізілді, оның 10-ы республикалық маңызы бар және 57-сі жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 маусымдағы №10/62-ІІІ шешімімен 100 және одан да көп жастағы тарихи ғимараттарды бұзуға 3 жылға дейінгі мерзімге мораторий жарияланды.