
Сондай-ақ, Семей қ. ТЖБ, Семей қ. ПБ ОМПС, "Востоквзрывпром" ЖШС және Ертіс бассейндік инспекциясының басшылары тартылды.
Ертіс өзенінің жай-күйін тексеру кезінде әкім хаттамалық тапсырманы дайындау және жарылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, Мирный кенті, Лодочная көшесі, Общество слепых, Амбулаторная тұйық көше, Восточный саяжай алабы және Юность кенті сияқты қаланың су тасқыны болуы мүмкін аса қауіпті учаскелері зерттелді.
Су тасқыны қауіпті учаскелерді зерттеу және су басу фактілерін азайту нәтижелері бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы тапсырмалар берілді.
Бүгінгі таңда қалада 60 км арық желісі бар. 2023 жылы 3 км арық желісін салу жоспарлануда.
"Қаланың Ертіс өзенінің жанында орналасуына байланысты су тасқыны салдарынан көктемгі су басу қаупі жоғары. Су басу қаупі бар аймақтарды бақылауда ұстау керек. Мен жағдайды өзім бақылайтын боламын", - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.